Алматы мен Катар астанасы Доха арасында жаңа әуе рейсі ашылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, рейстер аптасына 2 рет Airbus А-320 типті әуе кемелерімен орындалады. Бұл бағыттағы рейстердің ашылуы былтыр көктемде жоспарланған болатын, бірақ пандемияға байланысты мерзімі шегерілді.
Ал 1 желтоқсаннан бастап Кувейт-Алматы арасында жүйелі әуе кемесі қатынайды. Азаматтық авиация комитеті бүгінде халықаралық бағыттарды қалпына келтіру бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылайша осы күні 23 елмен арадағы рейстер қайта жанданды. Оның ішінде Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Ресей, Грузия, Шри-Ланка бар. Ал жыл басынан бері тасымалданған жолаушылар саны 81% артып, шамамен 7 млн адамға жетті.
Авторы: Гүлбану Тәжібек