2022 жылдың алғашқы екі айында азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 20 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 процентке артық, деп хабарлайды финпром.кз порталы. Салаға салынған инвестицияның 87%-ке жуығы үш аймақтан келген. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысы 9,5 миллиард теңгемен бірінші орынға жайғасты. Үздік үштікке сондай-ақ 5 миллиардтан сәл астам Ақмола облысы мен 2 жарым миллиардтан астам Алматы облысы ілікті. Салаға салынған инвестицияның басым бөлігі банк несиелерімен қамтамасыз етілген. Жартысына жуығы – кәсіпорындардың меншікті қаражаты мен банктік емес несиелер.