Қазақстанда бидай экспорты бір жылда 17% өсті

Қазақстанда бидай экспорты бір жылда 17% өсті

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан 877 млн долларға 3 млн тоннадан астам бидай мен меслин экспорттады. Осылайша өсім 17%-ті құрады. Бұл туралы Energyprom.kz порталы мәлімдеді. Негізінен отандық өнімді ТМД елдеріне, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне: Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанға саудаланды. Қазақ астығы Ауғанстанға да экспортталды. Бұл мемлекет отандық бидайды сатып алуда көш бастап тұр. ТОП-3 тізімінде Италия мен Қытай да бар. Айта кету керек, биыл республика бойынша егіс көлемі 14 миллион гектарға жуықты құрады. Көбі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егілді. Жалпы Қазақстанда жылына орта есеппен 13,5 миллион тонна бидай өндіріледі. Өз кезегінде бұл өз қажеттіліктерімізге де, экспортқа да жеткілікті. Дегенмен күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін үкімет 1 млн тонна резерв қалыптастырады.