Калининградта Кеңес одағының батыры Т.Қабыловқа арналған мемориал тақта орнатылды

Калининградта Кеңес одағының батыры Т.Қабыловқа арналған мемориал тақта орнатылды

Калининградта Кеңес одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориал тақта орнатылды. Алматы облысының тумасы 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 72-атқыштар полкі құрамында Кенинсберг, Дон, Қырым, Украина, Беларусь, Литваны азат етуге қатысқан. 1945 жылы сәуірде Калининград түбінде ол басқарған бөлімше жаумен шайқасты. Ұрыста қазақ батыры жау танкісін өзімен бірге жарып, ерлікпен қаза тапқан. Қаһармандығы үшін Төлен Қабыловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ, «Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі «Даңқ» ордені және медальдармен марапатталған. Қазір Калининград көшелерінің біріне Төлен Қабыловтың есімі беріліп, жергілікті музейде экспозиция ашылған.

Тамара Калмыкова, РФ Калининград облысындағы №14 орта мектептің директоры:

- Біз Төлен Қабыловтың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, ұрпақтарымызға үлгі етеміз. Қазақ халқының ұлы, Кеңес Одағы Батырының қайсарлығын үнемі есте қалады. Жыл сайын сәуір айында Кёнигсберг шабуылы күніне орай біз мектепте сынып сағаттарын өткіземіз. Біз оқушыларымызға жаудың бетін қайтарған қазақтың ерлігі, тағдыры, марапаттары туралы айтып береміз.

Руслан Хисамов, РФ Калининград облысының «Ар-ождан» іздеу отрядының жетекшісі:

- Бізге Қазақстанның іздеу жасақтарынан сұраулар жиі түсіп тұрады. Олар өздеріде осында талай келді. Әсіресе «Майдан жолы» іздеу отрядымен тығыз әріптестік орнаттық. Өткен жылы Калининград жерінен  соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері мен әскери наградаларын таптық. Осы ынтымақтастықтың арқасында туыстарына шығып, оларға жауынгерлік марапаттарын табыстадық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?