Референдум: Конституцияға енгізілетін өгертулер мен толықтырулар жайлы нені білу керек?

Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар халықтың шешімімен тікелей байланысты. Орталық коммуникациялар қызметінде әділет вице-министрі Алма Мұқанова 5 маусымда өтетін референдум жайында жан жақты түсіндірді. Оның айтуынша орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысуы мүмкін адамдардың тізімін жасауда. Конституцияға 56 өзгерту мен толықтыру енгізу көзделгенімен бюллетенде тек бір ғана сұрақ болады. Яғни тұрғындар ата заңға өзгерту керек пе, әлде жоқ па?- деген сауалға дауыс береді. Министрлік өкілінің пайымынша халықтың басым бөлігі «иә» деп дауыс берген жағдайда ғана реформа жүзеге асады.     

Алма Мұканова, ҚР әділет Вице-министрі: 

– Неліктен мен 11 облыс  туралы айтып отырмын? Мен түсіндіремін. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заң бойынша референдумға шығарылатын мәселе, егер ол үшін өңірлердің кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Айта кетейін, қазір Қазақстанда 17 өңір бар. Жаңа 3 облысты құру туралы Жарлығы – осы жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.  Соңдықтан   5 маусым өткізілетін референдумға  17 өңір қатысатын болады.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы референдумды өткізуге қазынадан 16 млрд 460 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл есепті орталық сайлау комиссиясы жариялады. Ал үкімет қаулысы бүгін қабылданды.