Бұл – экологиялық бағыттағы тұңғыш отандық басылым. Әр тоқсан сайын 10 000 дана таралыммен шығады. Басылымның алғашқы саны климаттың өзгеруінің биоалуантүрлілікке әсері, тұрақты дамудағы жаңартылатын энергияның рөлі сынды өзекті тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ қоршаған ортаның өзгерістерге ұшырауы мен қоғамдық денсаулық мәселесі де көтерілген.
Айнур Искакова, «Qazaq Geography» журналының шығарушы редакторы:
- Журнал бізде әр тоқсан сайын шығады, 32 беттен тұратын 7 бағытты қамтиды. Бұл бағыттар миссиясына сай келіп, жануарлар, адамдар, и эсджи, табиғат, қоршаған орта деген тақырыптарды қостық. Цифрландыруды қостық, себебі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Кюар код арқылы оқи беруге болады.