Қазақстан ЮНЕСКО нысандарының тізімін кеңейтуге ниетті

Қазақстан ЮНЕСКО нысандарының тізімін кеңейтуге ниетті

Қазақстан ЮНЕСКО нысандарының тізімін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Ұйымның Дүниежүзілік мұралар тізіміне Маңғыстаудағы жерасты мешіттері, сондай-ақ Ферғана–Сырдария тарихи дәлізі енуі мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан 2025 жылы да Үстірт жазығы мен Маңғыстау облысындағы көне аңшылық құрылым – арандарды дүниежүзілік мұра тізіміне ұсынған. Сонымен бірге тағы үш бірегей нысанды номинациялау жұмысы жүріп жатыр. Олар – Вознесенск шіркеуі, Жаркент мешіті және Қаратау жотасындағы петроглифтер. Бұл нысандарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы мұндай баға жетпес археологиялық ескерткіштер ұлттық дәстүрлерімізбен қатар әлемдік деңгейде мойындалуға әбден лайық екенін айтты.

Гаухар Сәрсекова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы:

- Егер нысандарымыз ЮНЕСКО тізіміне енсе, бұл халықаралық деңгейдегі жетістік болмақ. Ең алдымен, олардың сақталуы мен қорғалуы әлемдік дәрежеде болады дегенді білдіреді. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Біз оның жай-күйі туралы ЮНЕСКО-ға жыл сайын есеп береміз. Қаншалықты көп нысан ұсына алсақ, еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен әлем соншалықты кең танысады деген ойдамын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?