Астанада Ұлы Отан соғысы батырларының жеке заттары қойылған жылжымалы көрме
ұсынылды. Елордалық оқушылар танымдық шарада сұм соғыстан сыр шерттетін өзгеде
жәдігерлер және мұрағат құжаттармен танысты. Сондай-ақ, есімдері аңызға
айналған қазақстандық жауынгерлер Бауыржан Момышұлының, Талғат Бегелдиновтың,
Сағадат Нұрмағамбетовтың, Тілеуғали Әбдібеков пен Хиуаз Доспанованың фотосуреттері
көрсетілді. Сарбаздардың медальондары мен ұрыс алаңдарынан табылған снарядтард
сынықтары өскелең ұрпақтың ерекше назарын аударды.
Дәулет Қадыров, ҚР Әскери-тарихи мұражайының бастығы:
- Біздің көрменің мақсаты соғыс ардагерлерін ұлықтап, рухына тағзым ету.
Яғни, отан үшін от кешкен батырларымыздың ерліктерін үлгі етіп, жастарды ұлтжандылыққа
тәрбиелеу. Бұл көшпелі көрмемізде музей қорында сақталған жәдігерлердің шағын бөлігін ғана көрсеттік. Әсіресе
ел ертеңі жастар, оқушылар, біздің тарихымызға қызығушылық танытады деп
үміттенеміз.
Бұл еліміздің Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінің осымен 8-ші жылжымалы
көрмесі. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
Қазақстан» атты экспозиция әлі 30-ға тарта елордалық мектепті аралап, оқушылардың
сұрапыл жылдарға қатысты білімін толықтырып, ой-өрісін кеңейте түспек.
- Маған осы көрме қатты әсер берді. Біздің ардагерлеріміздің соғысқан, ата-бабаларымыздың ерліктері жасаған. Ұлы Жеңіске жасаған… Мен ҰОС жайлы біраз мәлімет білдім.
– Көрмеден осы музейдікілер ұнады.
Өйткені, бұлардың бәрі түп-нұсқа болды. Бәрін қарау, оқу, өте қызықты болды.

