Астанада Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырыстары өтті. Жиында оның мүшелерінің бастамалары мен ұсыныстарының орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар, қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту және бірлікті нығайту, адам құқықтарын қорғау, мәдени-рухани даму, әлеуметтік мәселелерді шешу саласына қатысты өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин институттың биылғы қызметінің негізгі бағыттары Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде айқындалғанын айтты. Бұдан бөлек елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:
- Өткен жылдың өзінде 100-ден аса мектеп салынды,
ғалымдар мен мұғалімдердің, жұмысшы мамандықтардың мәртебесі артып келе жатыр.
Жастар саласына көңіл бөлініп жатыр, креатив саласына қолдау көрсетіліп жатыр.
Энергетика саласында, ауылшаруашылығында үлкен өзгеріс жұмыстар жасалып жатыр.
Осының бәрі де мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогтың, сіздердің
еңбектеріңіздің арқасында.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

