Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқау институтын ашты. Бүгінгі таңда 4 халықаралық ұйым мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушы тіркелді. Бұл 20-қарашаға тағайындалған кезектен тыс ел президенті сайлауының барысын қадағалайтын әзірге аккредиттелген алғашқы байқаушылар тобы. Бұл жөнінде орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді.
Мұхтар Ерман, ҚР ОСК хатшысы:
- ТМД-дан 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан - 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр.