Астанада Орталық Азия мен Қытай іскерлік топтарының өкілдері кездесті

Астанада Орталық Азия мен Қытай іскерлік топтарының өкілдері кездесті

Астанада «Орталық Азия - Қытай» іскерлік кеңесінің екінші отырысында 35 меморандумға қол қойылды. Олардың жалпы құны 17 млрд доллар. Жаңа уағдаластықтар экономиканың нақты секторларында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен ірі жобаларға қытай инвестицияларын тартуға бағытталған. Жиын өңір мемлекеттері мен аспан асты елінен мыңнан астам делегаттың басын қосты.

Жэнь Хубинь, Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі Қытай комитетінің басқарма төрағасы:

- «Біздің Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитет қытай компанияларының Орталық Азия өңіріне инвестиция салу мен энергетика, машина жасау, инфрақұрылым сияқты негізгі салалардағы жобаларды іске асыру ниетін қолдауға дайын. Сондай-ақ, заманауи ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, автомобиль құрастыру, цифрлық экономика және басқа да жаңа бағыттарды бірге игеру көзделіп отыр».

Қазақстан мен Қытай жасыл энергетиканы дамытуға басымдық беріп келеді. Бұл мақсатта еліміздің аумағында баламалы қуат көздері нысандарына қажетті жабдықтар өндірісі жолға қойылмақ. Сондай-ақ, тараптар өзге де ауқымды энергетикалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделік танытып отыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, бұл бағытта қолға алынатын жұмыстардың алғашқы нәтижелерін жыл соңына қарай көруге болады.

Жақып Хайрушев, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры:

- «Біз қытайлық әріптестерімізбен жаңартылатын энергетиканы дамыту бойынша жоспарымызбен  бөлісіп, тиісті жобаларды ұсындық. Энергетика министрлігінің аукциондары Қазақстанның оңтүстігінде іске асырылатын ірі жобалармен танысты. Екібастұзда заманауи аудандық электростанцияның құрылысын жүргізу көзделген. Ал, атом энергетикасы қазақ-қытай ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі болады». 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?