Астанада Пикассоның бірегей жұмыстарының көрмесі ашылды

Астанада Пикассоның бірегей жұмыстарының көрмесі ашылды

Импрессионизм, кубизм, сюрреализм. Астанада өткен көрмеде аты әлемге мәшһүр испан суретшісі Пабло Пикассоның түрлі мәнер мен жанрдағы бірегей туындылары ұсынылды. Бұл еңбектер қылқалам шеберінің шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін қамтиды. Олар бірнеше бөлімге топтастырылған. Мұнда «Герник» және «Соғыс пен бейбітшілік», «Барселонаның көгілдір түсі» серияларының ең танымал картиналарына жасалған эскиздер бар. Соңғысы аталған қала тұрғындарының өмірінен сыр шертеді. Кезекті бөлімнің бірі соғыстан кейінгі кезеңге және шебердің «Торос және торерос» атты коррида тақырыбына арналған. «Папье-колле» сериясы автордың кубизм мәнеріндегі қолтаңбасын айшықтайды. Елордада қанат жайған көрмені Lumiere-Hall халықаралық мұражайы ұйымдасьтырды. Онда Германия, Бельгия және Францияның жеке коллекцияларынан жиналған Пикассоның 51 туындысы ұсынылды. Көрме 9 қарашаға дейін жалғасады.


Лейла Махат, Kulanshi Art галереясының жетекшісі:

- Бұл көрмеде көпшілік назарына өте сирек шығарылатын жұмыстар ұсынылған. Сондықтан бұл бірегей көрсетілім десек болады. Өйткені бұл жерде Пикасоның «Герника» деп аталатын монументалды және танымал картиналарының эскиздері қойылған. «Барселонаның көгілдір түсі» атты туындысында кезіктіру қиын. Сондай-ақ қылқалам шеберінің портретін тамашалау мүмкіндігі жасалды. Сондықтан бұл көрмені көрген де, көрмегенде арманда. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?