Астанада Орталық Азияның медициналық ЖОО студенттері оқу бағдарламасын меңгеруде

Астанада Орталық Азияның медициналық ЖОО студенттері оқу бағдарламасын меңгеруде

Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Орталық Азия дәрігерлеріне арналған «Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасын іске асырып келеді. Жобаның мақсаты - академиялық ұтқырлық және Орталық Азияның болашақ дәрігерлері арасында заманауи әрі сапалы білім бойынша тәжірибе алмасу. Биыл бағдарламаға Қырғызстан мен Тәжікстаннан 12 студент қатысуда. Дәрістермен қатар, олар Астананың жетекші медициналық мекемелерінде үш апталық практикадан өтеді. Айта кетейік, үш жыл ішінде бағдарламаға 40-қа жуық студент пен оқытушы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл - өңірдегі білім беру ынтымақтастығына жоғары қызығушылықтың дәлелі.


Назгүл Шәріпова, «KAZAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Әріптестік және өңірлік жобалар департаментінің бас менеджері:


- Біз осы бағдарламаны Қазақстан Республикасынан әріптес елдерге ресми көмек шеңберінде жүргіземіз. Яғни, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы соның ішінде. Жоба медициналық білім беру саласындағы өңіраралық ынтымақтастыққа бағытталған, ол 2024 жылы басталды. Жоба Астана медицина университетімен бірлесіп жүзеге асырылды және біздің серіктесіміз - TIKA ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігін де қамтыған.


Жоба өңір елдері арасындағы кәсіби байланысты нығайтып қана қоймай, студенттерді Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қолданылатын жаңа технологиялармен және тәжірибемен таныстырады. Олар алған дағдылары мен білімдерін өз елдерінде пайдаланады.


Альбина Сұлтаналиева, ОШ Мемлекеттік университетінің студенті:

- Мен Қазақстанға алғаш рет келдім және бұл тәжірибенің мазмұнды өтетініне сенімдімін. Маған барлық медицина бағыттары қызықты. Бұған дейін Санкт-Петербургте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алдым және акушерлік гинекология бойынша конференцияларға қатыстым. Сол жерде қазақстандық дәрігерлер сөз сөйледі. Сіздердің акушерлік қызметтеріңізді көш басында деп айта аламын. Жалпы алғанда, халықаралық тәжірибе жинағым келеді. Менің ойымша, Қазақстан соңғы кездері ТМД-да алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып танылды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?