Нұр-Сұлтанда наурыздың бірінен бастап коронавирусқа қарсы екпені мұғалімдер, тәртіп сақшылары мен балабақша тәрбиешілері қабылдай бастады.
Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, осы топтағы вакциналаудан өтетіндердің жалпы саны 15 мыңға жетеді. Қалада осы санаттағы адамдарға екпе салу үшін 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында вакциналау пункттері ұйымдастырылды. Бұған ведомстволық ұйымдар да қатысады.
Айта кету керек, 1 ақпаннан бастап қазірдің өзінде Нұр-Сұлтанда 2 126 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері тағы жеті мыңнан астам доза вакцина жеткізілді.