Қазақстанда
әлемнің үздік дәрігерлері бас қосады. Елордада қазанның 22-мен 23 аралығында медициналық-санитарлық алғашқы
көмек бойынша жаһандық конференция өтеді. Дәстүрлі жиын биыл Алматы декларациясының
45 және Астана декларациясының қабылданғанына 5 жыл толуына орайластырылған. Бұл
жөнінде Үкіметте еліміздің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ажар Ғинияттың
сөзінше, конференцияға ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус, ЮНИСЕВ-тің
атқарушы директоры Кэтрин Рассел келеді деп күтілуде. Жалпы бүгінде жиынға
әлемнің 80 елінен делегат қатысатынын растаған. Ауқымды іс-шара Қазақстанға
саланың халықаралық үздік тәжірибелерін ендіруге жол ашпақ.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық
сақтау министрі:
-Былтырдан бастап
ДДСҰ мақұлдаған пациенттерге бағдарланған принципі бойынша медициналық
санитарлық алғашқы көмектің озық практикалық жобалары енгізілуде. Ағымдағы жылы
осы практикалар бүкіл ел бойынша 48 емханада жүзеге асырылады. Шалғайдағы ауыл
тұрғындарына медициналық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік медицинасы
жұмыс жасауда.
Қазақстанда ДДСҰ ұсынысына сай амбулаториялық деңгейде қаржыландыру артып келеді. Соңғы үш жылда консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту 7 есе, МРТ қолжетімділігі 6 есе және алғашқы көмекті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету екі есе ұлғайды. 2025 жылдың соңына дейін 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанын салу көзделген.