Сақ дәуціріне тиесілі қорған табылды

Сақ дәуціріне тиесілі қорған табылды

Қарағанды облысының Осакаров ауданынан көне қорым табылды. Бұл – соңғы онжылдықтардағы алғашқы құнды тарихи олжа. Ежелгі қорғанды ғалымдар жоспарлы дала жұмыстары кезінде анықтаған. Мамандардың назарын меңгір аударып отыр. Бұл – тігіннен тұрған алып тас әйел адамдар жерленген зираттарға орнатылатын, дейді олар. Қорымнан сондай-ақ, қола айна, былғарының қалдықтары табылды. Бұл қорған сақ дәуіріне тиесілі болуы мүмкін, дейді археологтар.

Дәурен Жүсіпов, тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:

– Біздің дәуірімізге дейінгі жетінші-бесінші ғасырларға жатқызып отырмыз. Бұл ерте сақ дәуірі. Адам сүйегі анатомиялық тұрғыда түгел сақталған. Демек, көміртекті талдаудың көмегімен көптеген мәліметтерді анықтауға мүмкіндік бар деген сөз. 

Түлкібай Төлеуов, Облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:

– Сақ дәуірінің қорғаны мен Түркі дәуірінің қорғаны қатар жатқаны бұл ұрпақ сабақтастығы дейді ғой, біріне-бірі жалғасып келе жатқан қазақтың тарихы. Соны дәлелдеп отырған нәрсе. Бірақ ол бірінші далалық визуалды тұжырымдар. Қалғанын толық зерттеп, басқа қорғандармен салыстырған соң нақты тұжырымы шығады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?