Қазақстанда қар көшкінін бақылайтын ақпараттық жүйе ендірілуде. Ол табиғи апат жиі қайталанатын аймақтарға мониторинг жасап, ерте қамдануға мүмкіндік береді. Мәселен еліміздің шығысында мұндай жалпы саны 3 заманауи станция құрылмақ. Оларға жиналған барлық дерек қалың қар түсуі ықтимал жерлердегі ахуал орталықтарына жіберіліп отырады. Қазір өңірде көшкін жүруі мүмкін 9 учаске тіркелген. Көбі Қатон-Қарағай мен Алтай аймағында. Онда қыс басталғалы 13 көшкін жүрген.
Телгат Нұрахмет, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» бөлім басшысының міндетін атқарушы:
- Бұл қондырғыны Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандары ойлап тапқан. Бүгінгі күнде ол көп жеңілдік береді біздің елдің мамандарына. Қардың қалыңдығы, ауаның тмпературасы және басқа да табиғи өзгерістер көрсетіліп отырады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

