Алматыда сакура гүлдеді. Табиғат таңғажайыбын көруге
қалалықтар мен шаһар қонақтары күнде көп жиналады. Шие ағаштары мегаполистегі
Ботаникалық бақта гүлдеді. Айта кеткейік, сакура ағашы небәрі 10 күн ғана гүлдеп
тұрады.
Светлана Набиева, Ботаникалық БАҚ дендрология
бөлімінің аға ғылыми қызметкері:
- «Сакураның гүлдейтін кезеңі аяқталып қалды. Соңғы күндер қалды. Сондықтан жапондықтар бұл ағашты өмір секілді әдемі әрі қас-қағым сәтте өте шығады дейді».
Табиғат сұлулығын бағалайтындарды афлатуния өсімдігінің
әдемілігі да бей-жәй қалдырмайды. Бұл гүл «Қазақстандық сакура» деген атқа ие болған. Бұта іспетті
өсімдік біздің елдің Қызыл кітабына енген.

