Қазақстан көмір экспортынан түсетін кіріс көлемін екі есеге өсті. Жыл басынан бері 7 айда 19 млн тоннадан астам көмір жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ке көп. Мұндай мәліметтерді Бірінші кредиттік бюро келтіріп отыр. Сарапшылар экспорт көлемінің артуына қазір энергетикалық дағдарыс болып жатқан Еуропадан келетін көмірге деген сұраныспен байланыстырады. Негізгі бағыттардың бірі – Швейцария. Мұнда жеткізілім екі есеге өсті. Польшаға жөнелтілетін экспорт көлемі 127 есе артты. Ал, Болгарияға жеткізілім бірден 860 есеге артты. Кипр мен Бельгия да қазақстандық көмірді белсенді сатып алушылардың қатарында. Шекаралас елдерге келсек, Қазақстан қара отынның басым бөлігі көршілес Ресейге экспортталады. Ресей Федерациясына жеткізілетін экспорт көлемі биыл шамамен 12% өсті.