Астанада көше театры жанры дамиды

Астанада жаңа мәдени жанр пайда болмақ. Бұл - көше театры деп аталатын жаңа бағыт. Ол үшін Елордаға арнайы 10 театр әртісі, оның ішінде Польша, Ресей, Эстония мен Алматы қаласынан шығармашылық ұжымдар келеді. Олар Астана күніне арналып, биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Театралды Еуразия» фестиваліне қатысты. Еліміздің бас қаласында тұрғындар мен қонақтар үшін театр ұжымдары шығармашылық бағдарламалар ұсынды. Оның ішінде, көше театрларының қойылымдары, ашық аспан астындағы өнер көрсету мен балаларға арналған интерактивті қойылымдар болды. Шетелдік әртістер бұл жанрда  көрермендердің   ешқайсы бей-жай қалмайтынын айтады.

 

Станислав Варкки, «Royal Giraffe» театрының басшысы: 

 

– Біз өнер көрсетіп жатқан көше театрында көзбе-көз байланыс ең маңызды болып табылады. Себебі, әртіс үшін көрерменнің тура көзқарасы – ең үлкен сый. Бұл театрда не декорация жоқ, не сахна жоқ. Сонымен қатар, арнайы эффекттер де қарастырылмаған. Бізге керегі – тек әртістің көрерменмен тілдесе білу қасиеті. Қазақстанда көрермен тазалығы бар. Өзгелерге қарағанда осы қасиет жақсы сақталған.

 

Әртістер мен фестиваль ұйымдастырушылары болашаққа жоспарларымен бөлісті. Олар келесі жылы Астанада «Театр биржасын» іске қоспақ. Ол елімізде жаңа таланттардың ашылуына көмектесіп қана қоймай, қазақстандық жас театр режиссерлерінің әлемдік сахналарға шығуына септігін тигізеді.

 

Эльмира Щербакова, «Театралды Еуразия» фестивалінің директоры:

– Біз барлығына бірдей ыңғайлы әрі барлық таланттарды тартатын платформа жасағымыз кңеледі.  Директорлар да, көркемдік жетекшілер де келсе екен дейміз. Біз Ресей, Франция секілді елдердің режиссерлерін тартамыз. Бүкіл әлемге әйгілі мамандарды тартуға бар күшімізді жұмсаймыз. Қазір сахна өзгеріп келе жатыр. Бейнепроекторларға дейін пайда болды. Сол жаңа технологияларды өз сахнамызда пайдаланбақпыз.