Астанада Конституциялық комиссияның жетінші отырысы өтті

Астанада Конституциялық комиссияның жетінші отырысы өтті

Жаңа Конституция жобасы бойынша қазақстандықтардан 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Бұл туралы Конституциялық Комиссияның жетінші отырысында белгілі болды. Спикерлердің айтуынша, ауқымды конституциялық реформа қоғаммен үздіксіз тікелей байланыс қағидаты бойынша іске асырылып келеді. Ұсыныстар тек қатардағы азаматтардан ғана емес, сонымен қатар ғалым-құқықтанушылардан, сарапшылардан, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардан да келіп түсті. Қазақстандықтардың көпшілігі өзгерістерді оң бағалап, конституциялық реформаны қолдап отыр.

Жандос Шаймарданов, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Конституциялық комиссия мүшесі:

- Жаңа конституция жобасын талқылау барысында Ата заңға деген қоғамдық көзқарастың өзгеріп келе жатқаны байқалады. Азаматтардың едәуір бөлігі конституцияны билік органдарының өкілеттіктерін айқындайтын құқықтық құжат ретінде ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттің дамуына бағыт-бағдар беретін құндылықтар мен қағидаттарды белгілейтін тұғырлы мәтін ретінде қабылдай бастады. Азаматтардың ұсыныстарында конституциялық нормалар нақты құқықтық қоланбалы сипатқа ие болып, күнделікті өмірге, әлеуметтік әділеттілікке және мемлекеттің шешімдеріне тікелей ықпал етуге тиіс деген үміт айқын көрініс тапқан.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?