Астанада «Қазақстан тарихы «Қазақпарат» фотосуреттерінде» атты көрме ашылды

Астанада «Қазақстан тарихы «Қазақпарат» фотосуреттерінде» атты көрме ашылды

Қазақпарат агенттігінің құрылғанына биыл - 105 жыл. Астанада осы мерекелі датаға орай «Қазақстан тарихы «Қазақпарат» фотосуреттерінде» атты фото көрме ұйымдастырылды. Экспозицияға 180-нен аса сирек кездесетін суреттер қойылған. Көрме алты тақырыптық блокқа бөлінген. Әрқайсысы Қазақстанның дамуындағы маңызды кезеңді көрсетеді. Мерейтойлық жоба тек мәдени оқиға ғана емес, сонымен бірге елдің ғасырлық тарихын қамтуға бағытталған.

Нағашыбек Алдан, Kazinform агенттігінің басқарушы директоры:

- Көрменің ерекшелігі мұндағы суреттердің көпшілігі алғаш рет ұсынылып отыр. Бұл суреттер жылдар бойы мұрағаттарда болған. Онымен қоса біз шетелдегі және өзіміздің архивтерде жұмыс істеу барысында Kazinform мен KazTag-қа тиесілі өте маңызды құжаттар мен фотосуреттерді тапқан болатынбыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?