Жыл басынан бері Астана экономикасына салынған инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеден асты

Жыл басынан бері Астана экономикасына салынған инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеден асты

Қазақстанның бас қаласы белсенді дамып келеді. Оның қысқа мерзімді экономикалық  индикаторы 118,5%  асқан. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуы бойынша елорданың барлық экономикалық бағыттары дамып келеді. Бұл Астананың инвестициялық тартымдылығын сақтайды. Жыл басынан бері салынған қаржы көлемі 2 трлн теңгеден асқан  – бұл 2024 жылғы индикатормен салыстырғанда ширек бөлігіне артық. Оның 66%-і жеке инвестициялар үлесіне тиесілі.  


Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:


– Шағын және орта бизнес қала экономикасының негізі болды. Сонымен қатар, жалпы аймақтың өнімінің 72 пайызы шағын және орта бизнес, және жұмыс орындарының 70 пайызын қамтамасыз етеді. 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл бүкіл ел бойынша салынған тұрғын үй көлемінің төрттен бірі. Біздің есебіміз бойынша жылдың соңына дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады.


Қаланың инфрақұрлымын дамытуға баса назар аударылған. Биыл үшінші сорғыш-сүзгілеу станциясы газбен жұмыс істейтін жылу станциясы мен электр жеткізу нысаны іске қосылды. Қала әкімі жол-көлік инфрақұрлымына кеңінен тоқталды. 2025 жылы көлік қозғалысын жақсарту мақсатымен 14 шақырым жаңа жол салынып, 60 шақырымы жөндеуден өткен. Сондай-ақ, елордада көп деңгейлі жедел транзиттік жолдар құрылысы жоспарланған.


Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

– Бұл шешім Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көптеген астаналарда - Сеул, Токио, Бейжің, Бангкок, Джакарта, Манилада қолданылады. Біз негізгі магистраль көшелерде көпдеңгейлі жедел транзитті қиылыстарды жобалауға кірісеміз. 2026 жыл жобаны әзірлеуге арналады. 2027 жылы құрылысты бастауға ниеттіміз, алғашқы жоба Қабанбай батыр көшесіне жоспарланады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?