Астанада гендерлік теңдік жөніндегі алғашқы Ұлттық конгресс өтіп жатыр

Астанада гендерлік теңдік жөніндегі алғашқы Ұлттық конгресс өтіп жатыр

Қазақстан әйел көшбасшыларының рөлі бойынша Орталық Азия елдеріне үлгі. Астанада өтіп жатқан әйелдердің саяси көшбасшылығы мен гендерлік теңдік жөніндегі алғашқы Ұлттық конгресс қатысушыларының ортақ пікірі осыған саяды. Бүгінде ел Парламенті Мәжілісінде әйелдердің үлесі шамамен 19%, ал Сенатта 23% құрайды. Ал, министрлік құрамында 4 әйел - саланы басқарып отыр. Қазақстан саясатта нәзік жандылардың рөлін ары қарай арттыруды көздейді. Жиын барысында елімізде гендерлік бюджеттеу енгізу ұсынылды. Бұл - мемлекеттік қаржыны бөлу кезінде әйелдердің мүдделері барынша ескерілетін жаңа тәсіл болмақ.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі күн тәртібінде әйелдер саясаткерлердің тек жоғары лауазымдағы яғни Парламентте немесе Үкіметте ғана емес, жалпы аймақтық деңгейдегі әртүрлі позицияларда өзінің қызметін атқаратын әйелдердің ары қарай мүмкіндіктерін шектемей, оларды әрі қарай басты рөлдерге жеткізу.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?