Геометриялық оюлармен өрнектелген саз ыдыс бөлшектері,
тастан жасалған бұйымдар, жебенің ұшы және металл пышақ. Аталмыш көне
артефактілерді қазақстандық археологтар Қарағанды облысының Бұқар жырау
ауданында қола дәуіріне тиеслі үйді зерттеу кезінде тапты. Құрылыс қабырғасы
екі қабат жүргізілген тас тақтайлардан тұратын жарты шар тәріздес. Ғалымдардың
айтуынша, бұл ежелгі қола дәуіріндегі тұрғындардың қолөнерді дамыту мен үй
салуға бейімделгендерін көрсетеді.
Алексей Кукушкин, Қарағанды университеті жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының директоры:
- Архитектуралық ерекшеліктеріне қарағанда, үй салудың
осы әдісі беріктілік пен қосымша жылуды қамтамасыз етеді деп болжауға болады.
Бұл жергілікті халықтың өңірдің климаттық жағдайларына бейімделуін көрсетеді.
Егер керамиканың архитектуралық ерекшеліктері мен бөліктері туралы айтатын
болсақ, онда бұл нысанды біздің заманымыздан бұрынғы 17-16 ғасырларға, Алакөл
мәдениетіне жатқызуға болады. Әрі қарай күйіктастарға техникалық-технологиялық
талдау жүргіземіз және радиокөміртекті талдау үшін үлгілер жібереміз, бұл
зерттелген нысанның қай дәуірге жататынын нақтылауға ықпал етеді.

