Астанада Ф. Онғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай поэзия кеші өтті

Астанада Ф. Онғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай поэзия кеші өтті

Биыл қазақ ақыны, республика халық жазушысы, отандық әдебиетке өшпес із қалдырған тұлға – Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл. Оның қаламынан шыққан өлеңдері, повестері мен әңгімелері тек елімізде ғана емес, шетелдерде де танымалдыққа ие. Поэзия падишасы, өлең-сөздің патшайымы атанға ерекше жанның мерейтойына орай елордада өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті. Шараға жазушылар, суретшілер, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Жас ұрпақ ақынның мол мұрасымен жақынырақ танысып, әрбірі  рухани азық алды. Сонымен қатар  оның шығармаларын өз интерпретациясында оқуға мүмкіндік берілді.

Гүлжан Жұмашева, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры:  

- Қай шығармасын алсаңыздар да, қай өлеңің айтсаңыздар да махаббат, сезім, табиғат тіпті былай қарағанда туған жерге деген құрмет, патриоттық сезімдер бұлардың барлығы әлі апайды зерттеу керек, зерттеу керек деген түсінік береді. Сондықтан біз апайдың тірі кезінде де, өзімен араласқан кезде де үлкен-үлкен шаралар өткізіп жүрдік, бірақ қазіргі музейде өткізіліп жатқан іс-шарасы өте орынды деп ойлаймын. Кейінгі ұрпаққа апайдың берері де, айтары да, жеткізері де өте көп.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?