Елордада
Қазақстанның тұрақты дамуына сүбелі үлесін қосқан бірқатар отандасымыздың
бірегей тағдырынан сыр шертетін фотокөрмеде ұсынылды. «БҰҰ және мен» атты көрме
ел қамындағы салиқалы істерімен өзгелерге үлгі болар 30 адамның тағлымды өмірі
сурет арқылы баяндалады. Мұнда түрлі сала өкілдері қамтылған. Ел студенттері
мен қоғамдық қызметкерлер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлердің
жаһандық ынтымақтастық жолында ұйтқы
болған игі
істері насихатталады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты
үйлестірушісі Микаэла
Фриберг Стори атап өткендей,
көрмедегі әрбір фотосурет үлгілі қызметтің жаршысы іспеттес.
Микаэла
Фриберг-Стори, ҚР БҰҰ-ның тұрақты
үйлестірушісі :
-Бұл көрме - Қазақстандағы
БҰҰ командасы жүргізіп отырған жұмыстың айнасы десе де болады. Біз бүгін
Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қарапайым қазақстандықтардың - ерлер
мен әйелдердің, қыздар мен жігіттердің 30 әңгімесін таныстырамыз. Олар өздерінің жеке мысалдарымен еліміздің
тұрақты даму жолында БҰҰ-ның көрсетіп отырған қолдауын айтып береді.
Көрменің басты кейіпкерлерінің арасында Әсем Тәжиева да бар. Бұрымды ІТ саласында кәсіпкерлік қызметпен
айналысады. Ozim Platform әлеуметтік жобасы да оның әзірлемелерінің бірі. Мобильді
қосымша балалардың, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар сәбилердің ерте дамуы үшін
бірегей құрал. Цифрлық платформа ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары
бүлдіршіндердің әлеуметтік дамуы мен бейімделу кезеңдеріне арналған таптырмас
құрал десе де болады.
Әсем Тәжиева, кәсіпкер
:
-«БҰҰ-әйелдер»
бенефициары бола отырып, UN-Women's акселерациялық бағдарламасынан өтіп, мен 2023
жылы Қазақстанда ТОП-5 кәсіпкер әйелдер тізіміне ендім және осы бағдарламаның
көмегімен инвестициялар бойынша білімімді шыңдап, өз өнімімді жетілдіріп
келемін. ЮНИСЕФ-пен серіктестікте біз бағдарламаларды әзірледік. БҰҰ
бастамасымен басталған біздің стартапқа мәртебе алдық, бұл Digital public goods
- түрлі елдерде пайдалануға болатын сандық қоғамдық игіліктер.