Қазақстан Президенті Алматы қ. әкімін қабылдады

Қазақстан Президенті Алматы қ. әкімін қабылдады

Биылғы қаңтар-ақпан айларында Алматы қаласының экономикалық өсімі 9 жарым процентке жуықтады. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады. Қазақстан Президентіне қала әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндады. Алматы қаласы басшысының дерегінше, шаһардың инвестициялық портфелі 3 трлн теңгеге жуықтады. Бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?