Қазақстандағы экономикалық жағдайдың даму барысы, инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары. Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы жұмыс қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады. Тимур Сүлейменов Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлімет берді. Әңгіме экономиканың нақты секторын қаржыландыру ісін кеңейту, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы және Ұлттық төлем жүйесін дамыту, сондай-ақ, ашық банкинг қағидаттарын енгізуге бағытталған жобалардың іске асырылуы туралы болды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу және бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану жайында мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.