Ұлттық музейде этнография залы ашылды

Ұлттық музейде этнография залы ашылды

Ұлттық музейде арнайы этнография залы ашылды. Ол жалпы экспозицияға енгізілген. Көрмеге 250-ден астам жәдігер қойылған. Оның 50-ге жуығы кілем. Көбі ұрпақтан ұрпаққа мұра боп сақталып келген сырмақ пен текеметтер. Арасында Сақ, Ғұн дәуірінен жеткен көне, өте құнды кілемдер бар. Сонымен бірге этнография залынан  XIX-XX ғасырлардың зергерлік әшекейлері, ұлттық киім үлгілері мен тұрмыстық бұйымдарын көруге болады. Бұл біздің тамыры терең тартқан төл тарихымыз бен ұлттық мәдениетімізден сыр шертетін құнды жәдігерлер.    

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музей директоры: 

- Алтайдағы Сақтардың, Тауған Пазарық елдері алғаш біздің Сақ кезеңінен келе жатқан сырмақтар, кілемдер бар. Біздің Қазақстанымызда өкінішке орай, осыған әлі үлкен музейлерде кілемдерге арналған залдар жоқ. Соны алғашқылардың бірі болып бастап жатырмыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?