Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Биыл өзара тауар айналымы 17% өсті. Елдер арадағы сауданы бір жарым млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Қос жақты алыс-берістің дамуына аграрлық және машина жасау саласындағы әріптестікті нығайту тың серпін бермек. Айта кетейік, қазірдің өзінде елімізде белорустық тракторлар мен комбайндар жиналады. Өз кезегінде Қазақстан Беларусь нарқына отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді. Тараптардың алғашқы аграрлық форумы саладағы ынтымақтастық әлеуетін талқылауға және жаңа бірлескен жобаларды жолға қоюға арналған. Қатысушылар сүт және ет өндірісіндегі сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен агротехника бағытының тың әзірлемелерін ұсынады деп күтілуде. Бірлескен агрокластерлер құру мүмкіндіктері де қаралмақ.
Алексей Богданов,
Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Біз Қазақстанның
Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге агроөндірістік кешенді дамыту қамында сүт
пен ет өндірісі, машина жасау саласындағы технологиялармен алмасуға арналған
алғашқы беларусь-қазақстан аграрлық форумын ұйымдастыамыз. Бұл бас қосуда жалпы
құны шамамен 50-60 млн доллардан асатын бірқатар келісімдерге қол қою межеленіп
отыр.

