Қазақстанның геологиялық саласын дамыту әлеуеті

Қазақстанның геологиялық саласын дамыту әлеуеті

Биыл құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуге алынды. Атап айтқанда бұл – алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, вольфрам, хром және тағы басқалары. Сондай-ақ, биыл алғаш рет мемлекеттік есепке көмірсутек шикізатының 6 кен орны қойылды. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының  тапсырамсын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың соңына қарай 2,2 млн шаршы шақырымға дейін геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргізіледі. Жалпы бүгінде минералдық-шикізат базасы мыңға жуық қатты пайдалы қазбалар кен орындарын қамтиды. 12 учаскеде сирек кездесетін металдарды іздеу жалғасуда. Бүгінгі таңда олардың бірінде церий мен лантанидтердің қоры 935 мың тоннаны құрайды.


Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?