Наурыз мерекесі әлемнің әр түкпірінде аталып өтті

Наурыз мерекесі әлемнің әр түкпірінде аталып өтті

Жыл басы - Әз-Наурыз қазақы нақышпен әлемнің бірқатар елінде аталып өтті. Мәскеуде жаңару мерекесін Ресейдегі біздің елшілік ұйымдастырды. Қазақстан павильонында басқа аймақтардан келген отандастарымыз, студенттер мен шетел елшіліктерінің өкілдері қонақ болды. Жиналғандарға қазақтың бай салт-дәстүрі қамтылған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қазақ классикалық және халық музыкасы АҚШ-та Наурыз күндері аясында шырқалды. Америкалық музыканттар Гарвард университеті қабырғасында «Япурай», «Дудар-ай» және «Наз Қоныр» туындыларын орындады. Концерттік бағдарламада халық әуендері мен әндері заманауаи нақышта да ұсынылды. Бірегей аранжировкадағы тың туындылар көрермендердің қызығушылығын арттырып, Қазақстанның музыкалық мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік берді. Гарвард ғаламдық музыкалық архивінің жетекшісі Элизабет Батиюкпен кездесу барысында танымал композитор Қуат Шілдебаевтың «Қаракемер» күйінің скрипкаға арналған ноталары көрсетілді. Бұл да қазақ фольклорын АҚШ-та насихаттауға үлкен қолдау болды.

Әз-наурыз мерекесі Афина қаласының тарихи орталығы саналатын Акрополь жанында да аталып өтті. Іс-шара Грекиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Эллиндердің ежелгі жерінде қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Ал, Грекияда білім алып жүрген отандастарымыз халық шығармаларын домбырада орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?