«Астана Опера» сахнасында алғаш рет Д.Россинидің «Алжирдегі италиялық қыз» спектаклі қойылды

Премьераны қазақстандық жас режиссер Еренбақ Тойкенов қойды. Бұл оның елорда театрының үлкен сахнасындағы дебюттік жұмысы. Қойылым көрермен көңілінен шығып, керемет көңіл-күй   сыйлай алды.

Еренбақ Тойкенов, қоюшы-режиссер:

- Екі актілі, үш сағат орындалатын ең үлкен спектакльдердің бірі. Егер өзге қойылымдар 300-400 бет болса, бұл 500 парақтан тұратын спектакль. Қойылымның айрықша атмосферасы еліктіріп әкетіп, оқиға желісі көрерменді  осы заманға ауыстырады. Егер бұрын барлығы тарихи фактіге негізделіп, сол тарихи кезең бейнеленетін еді. Сонымен қатар бұл спектакльдің басты ерекшелігі оны біз өз күшімізбен қойып шықтық. Бұлқазақстандық бренд болады.

Мәдениеттердің қарама-қайшылығы, әртістердің шеберлігі, сонымен бірге Джоаккино Россини өз шығармаларында жиі қолданатын нәзік юмориталиялық суретші Манана Гунияны керемет сахналық бейнелер жасауға шабыттандырған. Жалпы жеке орындаушылар, хор мен мимансаларға 70 костюм дайындалған.

Манана Гуния, костюмдер бойынша суретші, Италия:

Өндіріс бойынша жұмыс мамыр айында басталып кетті, мен тігін шеберханасының ерен еңбегін атап өткім келеді. Себебі қысқа уақытта рекордтық көлемде костюмдерді тігіп шығарды. Бұл еуропалық деңгейдегі ауқымды жұмыс деп айта аламын. Мен бұл жобаның сәтті жүзеге асқанына өте қуаныштымын. Себебі бұл туралы 2020 жылдардан бері айтып келеміз. Енді, міне, Россинидің осы тамаша операсын үлкен сахнада орындауға, тамашалауға мүмкіндік алып отырмыз.

Жеке орындаушылардың шеберлігі де жоғары деңгейде болғанын айта кеткен жөн. Сюжет бойынша алжир билеушісінің қолына түскен италия аруы Изабелланың рөлін 2 вокалист алып шықты. Оның бірі осы рөлге арнайы шақырылған  Лаура Вереккья мен «Астана Опера» академиясының солисі Эльмира Шпекпаева. Ал, Жандарбек Еркінбаев пен Шыңғыс Расылхан басты кейіпкердің бірі  Мұстафаның партиясын орындап шықты.

Әсел Күшенғалиева