Silk Way Star байқауының финалистері анықталды

Silk Way Star байқауының финалистері анықталды

Silk Way Star байқауының финалистері анықталды. Бас аяғы 10 кезеңнен тұратын халықаралық музыкалық доданың 9 шығарылымы артта қалды. Еске сала кетейік, жартылай финалда қатысушылар Қазақстанның жұлдыздарымен фит орындады. Соңғы өнер бәйгесінің қорытындысы бойынша Қазақстан, Малайзия, Грузия, Моңғолия, Қытай, Армения және Өзбекстан елдерінің намысын арқалаған әншілер, яғни тек 7 өнерпаз ақтық сынға жолдама алды. Халықаралық қазылар алқасы олардың дайындық деңгейін жоғары бағалады.


Жарқынай Ханайым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Мен әннің әуенін, әншінің орындау шеберлігін көрген соң, қытай тілін өмір бақи білетін адам сияқты беріліп тыңдадым. Әнге мен ғашық болдым. Чжан да маған көмектесті. Сахнада бір-бірімізді барынша түсінген сияқтымыз. Себебі ол профессионал.

Чжан Хэ Сюань, Silk Way Star байқауының қатысушысы, Қытай:

- Бұл қытай әні қайғылы махаббат хикаясы жайында. Ғашықтар 3 ғасыр бойы қосыла алмаған. Менің жұбым сол хикаяны терең түсініп, сахнада әнді сезіммен жеткізді. Қытай әні бола тұра, оның әнді соншалықты түсніп жеткізгеніне таңырқадым.

Алда шешуші кезең күтіп отыр. Алдағы сенбі күні - 22 қарашада «Жібек жолы жұлдыз» атағы кімге бұйыратыны белгілі болады. Естеріңізге сала кетейік, Silk Way Star жобасы 12 елдің орындаушыларын жинап, өңірдің жаңа мәдени брендіне айналды. Ақтық сында әр көрермен silkwaystar.org байқаудың ресми сайтында өз сүйікті әншісін қолдауға мүмкіндік алмақ. Жылдың ең ауқымды жобасын жіберіп алмаңыздар! 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?