Жаңа жылдың келуіне санаулы күндер қалды. Жақындап келетін мерекенің көңіл күйі елордалық теміржол вокзалы перонында қазірден-ақ, сезіледі. Дәл осы жерден Астанадан Бурабайға дейін арнайы туристік электр пойызы жолға шықты. Ұлттық нақышта безендірілген вогондар отандық қолөнер шеберлері жасаған киіз понолармен әрленген. Жаңа жылдық экспресспен Аяз Атаға хат жолдауға да болады. Ол үшін арнайы жәшіктер қойылған. Ерекше темір жол нысанымен жолаушылар 2023-ші жылдың қаңтар айының соңына дейін қатынай алады.