Қазақстандық
ресторан әлемдегі ең әдемі 16 мейрамхана қатарына кірді. Forbes танымал
іскерлік журналы ЮНЕСКО ұйымы бекіткен ерекше архитектуралық нысандар тізімін жариялады.
Тізімдегі барлық мейрамханалар Prix Versailles, Interior және Exterior
марапаттары үшін таласқа түседі. Ал, ең үздік ресторандар қараша айында ЮНЕСКО
штаб-пәтерінде белгілі болады. Айта кетейік, қазақстандық ресторан көшпенділер
асханасын насихаттайды. Одан бөлек, отандық мейрамханамен бір қатарда Дубай,
Мельбурн, Сан-Паулу, Гонконг, Париж, Милан, Коян, Оңтүстік Корея, Таиланд,
Нью-Йорк және Папагайо мен Мальдив аралдарындағы ресторандар тұр.