Гонконгта пандемия басталғалы індеттің ең қатты өршу кезеңі тіркеліп отыр. Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты, билік шамамен 7,5 млн адамды құрайтын Қытайдың әкімшілік аймағының халқын COVID-19-ға тестілеуді жоспарлап отыр. Мегаполисте инфекцияның 4 200-ден астам жағдайы расталды. Ауруханадағы орын тапшылығынан ауа райының суықтығына қарамастан дәрігерлер аулаларда шатырлар тігіп, науқастарды сол жерлерде емдеуге мәжбүр. Қазір мұнда ауа температурасы Цельсий бойынша небәрі +14-ті құрап отыр. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Гонконг билігінен тиісті шараларды қабылдауға шақырды. Қазір мұнда барлық мектеп пен мәдени-спорттық және ойын-сауық орындары жабылған.