Қазақстанда Astana Hub IT-стартаптар халықаралық
технопаркі инновациялық технологиялар паркімен біріктіріледі. Бірыңғай инновациялық кластер
құру осы саланы мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі заңда
көзделген. Мәжіліс депутаттары құжатты екінші оқылымда қабылдап, Сенат қарауына
жолдады. Құжатта кластерге қатысушыларды қолдау тетіктерін кеңейту
қарастырылған. Ол орталықтандырылады. Бірыңғай құқықтық алаң құрылады. Енді
көмек «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» арқылы көрсетілетін
болады. Сондай-ақ, венчурлік қорларды бірлесіп қаржыландыру кезінде тиімді
жобаларды бағалау мен конкурстық іріктеу жүргізіледі. Жалпы, заң жобасы елдің
ақпараттық технологиялар жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ
IT-компаниялар мен стартаптардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

