Ақмола облысында ауқымды ауыл шаруашылығы көрмесі өтті

Ақмола облысында ауқымды ауыл шаруашылығы көрмесі өтті

Ақмола облысында ауқымды Jana Dala/Green Day ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Дала күні форматындағы дәстүрлі аграрлық форумда агроөнеркәсіптік кешендегі заманауи технологиялар таныстырылды. Жоғары өнімді техника мен аграрлық өндіріс саласындағы инновациялық әзірлемелер ұсынылды. Сондықтан бұл осы бағыттағы ең ауқымды іс-шара. Мұнда 20-дан астам елдің компания өкілдері жиналды. Олар 500-ден астам ауыл шаруашылығы техникасы мен жоғары технологиялық жабдықтарды ұсынды. Көрмеге қойылған барлық техника мен өнімдер үлкен сұранысқа ие.


Әділхан Сағымбаев, көрмені ұйымдастырушы:


- «Техника туралы менеджер кеңінен айтып береді. Бұл фермерлердің үлкен қызығушылығын тудырады. Мысалы аталған техника топырақпен қалай жұмыс істейді, ерекшелігі қандай? Барлық ақпарат беріледі. Менеджерлер әр фермермен жұмыс істейді. Көрмеден кейін де олармен тығыз қарым-қатынаста болады».

Мұнда ветеринария, агрономия, агрохимия және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық әзірлемелерді де көруге мүмкіндік болды. Жиналғандар генетика, селекция, мал шаруашылығы саласындағы жетістіктермен де танысты. Бұқа өсірушілер байқауы да өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бас әкелінді. Барлығы «қазақтың ақ бас» тұқымы. Айта кетейік, биыл аталған тұқымға 75 жыл толып отыр. Фермерлер мен мал өсірушілер Jana Dala/Green Day көрмесі жаңа технологияларды игеріп, заманауи техникалармен танысуға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік дейді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?