Астана әскери шеруге қызу дайындалып жатыр

Астана әскери шеруге қызу дайындалып жатыр

Қазақстан астанасының шетінде ауқымды далалық лагерь жасақталды. Мұнда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысушылар жиналып жатыр. Олар осында кешенді жаттығу жасап, дайындық өткізеді. Сап түзеп, әр қимылды қалтқысыз жасауға тырысады. Парадқа 4 мың әскери қызметкер қатысады. Олардың 200-і нәзік жандылар. Іріктеу жұмыстары кезінде әсерилердің кәсіби дайындығы, сапта жүру мен денсаулығы ескерілді.

Мереке Көшекбаев, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:

- Мұнда кәсіби тұрғыда лайықты дайындалған, денсаулықтары мықты әскери қызметкерлер жиналды. Дене бітімі мен бойлары да ерекше назарда болды.шерудегі бірінші кезең – тарихи колонна. Бас алаңда біздің елде жасақталған дивизия мен полк бригадаларының әскери туларын алып шығамыз. Екінші кезеңде заманауаи әлеуетімізді көрсетеміз. Ал соңғы кезең – әуе күштеріне арналады.

Сап түзеген сарбаздармен бірге парад алаңына 300-ден астам әскери техника шығады. Мұнда да барлығы ескерілген. Танкілер, замануаи бронды техника мен зымыран кешендері шерудің айбынды көрінісіне айналмақ. Оларды аты аңызға айналған Т-34 танкі бастап шығады. Одан кейін Т-72, шынжыр табанды БМП-2, артиллерия мен арнайы көлік жүреді. Қазір мамандар әрбір әскери көліктің двигателі мен электронды құрылғыларын мұқият тексеріп, маңызды шараға дайындап жатыр.

Жалпы далалық лагерьде 200-ден астам шатыр тігілген. Дайындық алаңында шаруашылық қамтамасыз ету пункттері, моншалар, госпиталь мен ас үй бар. Мұнда ұлттық тағамдар да әзірленеді. Бір сөзбен айтқанда, әскери қызметшілердің Жеңіс шеруіне лайықты деңгейде дайындалуы үшін барлық жағдай жасалған.

Дмитрий Макаров, Жеңіс шеруіне қатысушы:

- Лагерьде барлық мүмкіндік қарастырылған. Шатырда екі пеш бар. Таңғы сағат алтыда тұрамыз. Таңғы астан кейін әскери киім мен қару-жарақ алып, түске дейін толыққанды жаттығу жасаймыз. Түстен кейін де дайындық жалғасады. Әрине, бос уақытымыз да бар. Гитара, домбыра тартып, шашки, тоғұзқұмалақ ойнауға болады. Оқитын кітап та жетерлік.

Айта кетейік, әскери парад 7-ші мамырда Астанада «Қазақ елі» монументі жанында өтеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?