«Ashyq» ресми түрде мемлекеттің бақылауына өтті. Жуырда бұл сервис «ЕgovMobile» қосымшасында пайда болады. Бұл туралы Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
««Ashyq» қызметі жақында мемлекеттің бақылауына өтті. Жоба авторы Виталий Пустовойтенкомен құжаттарға қол қойылды. Енді Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының жауапкершілік аймағына алынды. Жеке деректер туралы алаңдап, жазудың қажеті жоқ. Барлық «Ashyq» сервері мемлекеттік сервер орталығының құрылымында болады» - деді министр.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, жүйе енді екі ірі банк KASPI және HALYK-тың мобильді қосымшаларында пайда болады. Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл техникалық ақаулардың алдын алуға көмектеседі.
Айта кетейік, «Ashyq» қосымшасын 1,7 млн адам пайдаланады. Сервис күнделікті «қызыл» мәртебесі бар азаматтардың қоғамдық орындарға баруға деген жүзге жуық әрекетін тоқтатады. Енді қосымшаны Қазақстанның тағы үш қаласында Павлодар, Тараз және Ақтөбеде іске қосу жоспарланып отыр.