Отандық және шетелдік стартапшылар арасындағы нағыз стартап-баттл. Халықаралық «Digital Bridge» инновациялық форумы аясында Astana Hub осындай мүмкіндік жасады. Қазіргі таңда баттлдың жартылай финалына 40-қа жуық стартапшының жұмысы өткен. Astana Hub бас директорының айтуынша, биылғы додаға Қазақстаннан өзге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттерін қоса алғанда 150-ге тарта өтініш келіп түскен. Халықаралық «Digital Bridge» инновациялық форумы IT-саласының сарапшылары мен кәсіпкерлерінің және ғалымдардың басын қосатын ауқымды, дәстүрлі шара екенін айта кеткен жөн.
Мағжан Мәдиев, Astana Hub-тың бас директоры:
- Биыл стартапшылар арасындағы қарым-қатынасты жандандыру, жастардың назарын стартапқа аудару мақсатында аталмыш байқауға қайта жан бердік. Бұл – жас мамандарға қазылар алқасы мен инвесторлар алдында сөз сөйлеп, өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндік. Astana Hub аясындағы баттл жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі. Бірінші орынға 10 мың доллар, екінші орынға 5 мың доллар және үшінші орынға 3 мың доллар көлемінде қаражат қарастырылған.
Авторы: Ақзер Сегізбай