Мемлекет басшысы Алматының жыл басынан бергі экономикалық жағдайы туралы есепті тыңдады. Қала әкімінің мәліметінше, осы кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107 проценттен астамға көтерілген. Негізгі капиталға инвестицияның өсімі 21 проценттен асқан. Қаңтар оқиғасынан кейінгі қала экономикасының өсу қарқыны екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді деп болжанып отыр. Ерболат Досаев зардап шеккен бизнесмендердің шығынын өтеу барысын баяндады. Бүгінге дейін 14 миллиард теңгеге жуық соманың өтініштері мақұлданған. Зақым көрген бизнес нысандарының барлығы дерлік жұмысына қайта кіріскен.