150 шақырымдық қысқы велошеруде елордалық азамат рекорд орнатты

150 шақырымдық қысқы велошеруде елордалық азамат рекорд орнатты

150 шақырымды 9 сағат 56 минутта бағындыру. Елордалық Ернат Қашқынов соло тәсіліндегі велошеруде рекорд орнатты. Қысқы велошеру Қазақстанның рекордтар кітабына тіркелді. Шара ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өтті. Велошабандоздың айтуынша, қысқы марафонның ерекшеліктері уақыт межесін бағындыруда айтарлықтай әсер еткен.

Ернат Мелсұлы, әуесқой велошабандоз:

- Қысқы веломарафонға қатысып, жазғы веломарафон түк емес екенін түсіндім. Енді қыста жаздағыдай зымыратып жүре алмайсыз. Ең ұзақ жүре алғаным 15 шақырым болды. Жазда 30 шақырымға дейін барады негізі. Қазір жердің бәрі мұз.