Жуырда Орынбор облыстық мемлекеттік архивінен Әбілқайыр ханның уәзірі болған Кедей би туралы деректер табылды. Белгілі болғандай, 1740-1750 жылдар аралығындағы көрнекті тұлға Петербургте Қазақ хандығының мүддесін қорғаған. Сонымен қатар, би қазақ жерін зерттеп, ол туралы кітаптар жазған. ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дәуірлеуіне елеулі үлес қосқан тұлға жайлы деректер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көретін кітаптарға еніп, кеңінен насихатталмақ. Солардың бірі Сыр шайырларының өмірі мен еңбегі туралы тарихи жинақ.
Берекет Кәрібаев, Тарих ғылымдарының докторы:
– Қазіргі кезде 21-ғасыр инновация, ғылым, техника деп жатырмыз. Бұның бәрі дұрыс, дегенмен рухани фактор, ұлттық тарихпен байланысу керек. Ұлттық тарих байланыссыз болған жерде қоғамның қайда баратыны белгілі. Сондықтан еліміз тарихты еске алуға және тарихи тұлғаларға тағзым етуге арнап отыр.