Ашхабадта ТАПИ газ құбырының болашағы талқыланды

Ашхабадта Түрікменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістанды қосатын ТАПИ газ құбыры жобасын іске асыру мәселесі талқыланды. Кездесуге қатысушылар оның өңірлік және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Оның үстіне ол жаңа жұмыс орындарын құруға, қатысушы елдердің экономикалық өсуін ынталандыруға ықпал етеді. Айта кетейік, жоба түрікмен отын-энергетикалық кешенінің қуатын арттырып қана қоймай, әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын тасымалдаудың жаңа жүйесін құруға бағытталған. Айта кетейік, газ құбырының жалпы ұзындығы - 1800 шақырымнан астам, өткізу қабілеті - жылына 33 млрд текше метрді құрайды.


Назим Самоон, «ТАПИ» үйлестіру жөніндегі директоры:


- Біздің кездесуіміздің басты тақырыбы - «ТАПИ» газ құбыры жобасы. Құрылысқа қатысушы елдер бұл жобаның дамуына зор үлес қосуда. Отырыс, сондай-ақ Түрікменстанның отын-энергетика кешенін жаңғырту және әртараптандыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарға бейілділігін растады, бұл ұзақмерзімді перспективада елдің тұрақты дамуы мен халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.


Мұхаммад Әмір Хан, Пәкістан энергетика министрлігінің бас қаржы директоры:


- 4 елдің аумағы арқылы өтетін «ТАПИ» ірі жобасы өте маңызды рөлге ие. Бұл біздің өзара іс-қимылымызды жаңа деңгейге көтеру үшін маңызды қадам болатынына сенімдімін.