Қ.Тоқаев Жасанды интеллект институтының президентін қабылдады

Қ.Тоқаев Жасанды интеллект институтының президентін қабылдады

Жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану. Цифрлық трансформация саласындағы осы және басқа да мәселелерді Қазақстан президенті Sinovation Venture жасанды интеллект институтының басшысымен кездесу барысында талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев озық технологияларды енгізудің және жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты. Өз кезегінде Ли Кай-Фу бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі ел әлеуетін жоғары бағалады. Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар шетелдік мейман елімізді жаңа технологиялық деңгейге шығара алатын қазақстандық IT-бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?