ыл, жаңашыл және тәуелсіз. Бүгінгінің жастары осындай. 23 жастағы танымал видеограф, режиссер Қыран Талапбек «хобииіңді табыс табатын ісіңе айналдыр, берілме, сонда жеңілмейсің» деген ұранмен өмір сүреді. Ол өзін «еркін» адаммын деп суреттейді. Ал бүгінгінің ең заманауи сөзіне айналған «қаржылық тәуелсіздікке» ол 15 жасында жеткен. Дегенмен жас режиссер, ештеңе оңайлықпен келмейтінін, тек еңбек, еңбек түбі ғана жеңбек екендігін жақсы біледі.
ҚЫРАН ТАЛАПБЕК, РЕЖИССЕР:
– Қыран Талапбек бір күнде Қыран бола салған жоқ. Менің тек қана 52-ші видеомды адамдар байқап көрді. Сол 52-ге дейін нәтиже болмаса да, фидбек болмаса да, өзімізге ұнағаны үшін жұмыс жасай бердік. Ал 52-ші видео атты дейді ғой, атқан кезде автоматты түрде қалған 51-ін халық байқады, халық бағасын берді. Сондықтан ерте ме, кеш пе ол міндетті түрде нәтижесін береді. Тек, біріншісі ол берілмей, екіншісі нәтижеге дейін жұмыс жасау.
Ештеңеге қарамастан, «берілмеу» керек дегенмен Рафаэль Фатхельянов та келіседі. Өзінің спорттық мансабын акробат-батутшы ретінде бастаған ол, бүгінде аты аңызға айналған Du Soleil циркінің артисі. Пандемияға байланысты соңғы жарты жылда қазір қолы бос. Елге оралған соң да құр отырмай, жеке кәсіп ашқан.
РАФАЭЛЬ ФАТХЕЛЬЯНОВ, DU SOLEIL ЦИРК АРТИСІ:
- 14 наурыздан бері Қазақстандамын. Шыны керек, елге қайтып келген күннен бастап мен немен айналысатынымды білмедім. Алайда ештеңеге қарамастан, қоғамдық тамақтану орнын аштым. Сондай-ақ қазір ойымда жүрген бірнеше жобаны іске қосқалы жатырмын. Жастарға айтқым келетіні, берілмеу керек. Себебі өмір бір ғана сәттен тұрмайды.
Тәуелсіз ел жастарының ойы ұшқыр, қиялы алыста. Олар – алдағы жылы егемендікке қол жеткізгеніне 30 жыл толатын Қазақстанның бүгінгі келбеті.
Авторы: Ақзер Сегізбай