Оның аясында инновациялық технологияларды әзірлеу және коммерцияландыру, оқу үдерісінің өндіріспен интеграциясын дамыту қолға алынады. Сонымен қатар ЕҰУ университетінде ғарыш техникасы және технологиялары кафедрасы базасында докторантура ашылады. Ал, биылғы жылы физика-техникалық факультетінде магистратура бойынша екі жаңа білім беру бағдарламасы – «Аэроғарыштық инженерия» және «Жерді қашықтан зондтау технологиялары» іске қосылды.
Сонымен қатар университетте Қазақстанның ғарыш саласына ғылыми кадрлар даярлау мақсатында диссертациялық кеңес құру жоспарлануда, деп хабарлайды жоғары оқу орыны.